менің көз қарасым....
Өзімнің тез байқайтын қасиетім болғандықтан, мен айналадағы адамдардың іс-қимылына, әдеттеріне көп мән беремін. Және бір неше жыл шет елде оқығаннан жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары біздің халықтықтыкінен өзгеше екеніне көзің жетеді. Сондықтан мен маған ұнайтын әдеттерін тізгім келеді.

1. Әр адамның сөмкесінде, университеттің әр бұрышында, сауда-орталықтарында "Hand sanitizer" деген болады, тамақ ішер алдында, не кір зат ұстағаннан кейін, тіпті жай жүріп келе жатқанда да әдеттегідей қолдарына тамызып алып уқалап жібереді. Ондағысы осындай әдетпенен таза жүріп, көптеген ауруларға қарсы тұра алатынына сенеді. Менің ойымша, Қазақстанда бұндайды кем дегенде ауруханаларға орнатса жақсы болар еді (балабақша, асхана, мектептерде де артық болмас).

2. Қыз-ұл, жас-кәрі дегенге қарамай әр адам спортпен (дене шынықтурумен) шұғылданады. Аптасына үш-төрт реттен жаттығу залдарына барады. Әсіресе, ер адамдар сыртқы бейнелеріне қатты мән береді, нәтижесі өте әдемі денелілер. Ең алғаш осында келгенде сондай адамдарды көргенде таң қалатынмын қалайша бұлар осындай денелі және неге осындай адамдар бізде аз деп, жауабын кейінірек түсіндім. Бірақ бізде де бұндай адамдар көбейіп келе жатыр. Өздері ғана емес балаларын да кішкентайынан спортқа құштарлы қылып өсіреді.

3.Студенттердің көбі өз ақшаларына өмір сүріп және оқудың ақшасын өздері төлейге тырысады. Жастайынан сағаттап жұмыс істеп, бұлар ақшанын құнын жақсы біледі. Сондықтан қыдыру, киім-кешек, күнделіктіге өз ақшаларын жұмсап, ата анадан ақша алу дегенді ұмытады. Және басқа адамның жиырмадан асып ата-анасының қамқорында отырғанын көріп қатты таң қалады. Бізде де егер оқушыларға арналған сағаттап төлейтін жұмыстар көбейсе көптеген жастар ақшанын құнын түсінер еді.

4. Қысылмай, ұялмай шындығын айтады. Мысалы, ақшасы жоқ болса, ақшам жоқ деп, түсінбесе түсінбедім деп айта салады. Және де "комплимент" айтуға құмар адамдар, Қазақстанда сыншыл көзбен қарайтын адамдарға үйренген бізге аялдамада тұрып, танымайтын адамның келіп сырғаң, не аяқ-киімің әдемі екенің есту бір талай уақытқа дейін қызық болды.

5. "Понт" дегенді кездестіру өте сирек. Және егер Қазақстанда көбі зат сатып алса, мақтана қымбатқа алғанын айтса, мынды керісінше жеңілдіктен су тегінге алғанына мақтанады. Және ұялмай бағасын және қайдан алғанын айтып, саған да кеңес береді.

6. Жұмысқа алар кезде қандай қоғам және әлеуметтік жұмыс жасағандығына мән беретіндіктер, оқушы кездерінен бастап, волонтерлық жұмыстарға адамдар өте құмар. Ондай жұмыстарға: ауру адамдармен уақыт өткізу, қарттар үйіне бару, түрлі шаралар ұйымдартыру, қасыту және т.б. жатады.

басқада көптеген әдеттері есімде еді, қазір есіме түспей отыр :))
жақсыдан үйрен жаманнан жирен дегендей барған көрген елдердің жақсы қасиеттерін келіп өз мемлекетізде пайдалансақ, әлеуметке үлкен үлес қосар едік.
P.S. Әрине жаман әдеттеріде көр қой, оларға мән бермеуге тырысамын.
