Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Менің күнделігімнің бір парасы:

Ештеңе қыза қойған жоқ. Елдостан кейін, бәрі солай «дырылдап» кете береді деп ойлағанбыз. Бірақ, кедергілер, тосқауылдар болды...

Сонымен, 8 тамыздамыз.

АУЫР АТЛЕТИКА: 62 кг дейінгі салмақтағы жарыста Фархат Харки қола медаль жеңіп алды.

БОКС: Біздің үш боксшымыз - Біржан Жақыпов, Әлімханұлы Жәнібек пен Василий Левита қарсыластарын жеңді.

САДАҚ АТУ: Сұлтан Дүзельбаев 1/32 финалда Қытайлық қарсыласын жеңді, бірақ 1/16 финалда итальяндық қарсыласынан жеңіліп, ойынын аяқтады.

ДЗЮДО: 73 кг салмақ дәрежесінде Дидар Хамза, Гамбиялық қарсыласын жеңіп, содан кейін  Әзірбайжан дзюдошысынан (күміс медальді жеңіп алды) жеңіліп қалды.

ОҚ АТУ: Юрий Юриков  «10 метр әуе винтовкасы» жаттығуында квалификациядан өте алмады.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ: Светлана Германович және Владислав Яковлев 1/4  финалға өте алмады.

ЕСКЕКТЕ ЕСУ: Екатерина Смирнова (бір адамдық) квалификациядан өте алмады және жартылай финалға жолдама алған жоқ.

 
1
0
397

Осы тақырып бойынша