"Менің қалам-таза қала"
Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы және «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесе отырып «Менің қалам-таза қала" жобасы аясында
жастармен кездесу өтті.
Кездесуге "Jas Otan” жастар қанатының Жаңаөзен қалалық бөлімше басшысы Тайжанов Нұрлығасыр және қаламыздың белсенді еріктілері мен жастар орталығының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сөз алған "Jas Otan” жастар қанатының басшысы Тайжанов Нұрлығасыр жастарға қоршаған ортаны құрметтеу және табиғатты аялау шын патриот болуға, Қазақстанымызды озық елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
