Мен тұратын көше туралы.
Өмір зымырап өтіп жатыр. Жиырма екі жылдан бері Тұрып жатқан Сәбит Мұқанов көшесіне қарап тұрып ойланамын, бұрын қандай еді, қазір қандай. Осы жылдар аралығында шынымен де көптеген өзгерістер орын алды. Бұл туралы көршілермен де әзілдесіп қоямыз.
Көршілердің бірқатары алпысты алқымдаған ұзақ қашықтыққа жүгіруден табыстарға жеткен спортшылар. Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр дегендей біраз жылдан бері мен де жүгірумен айналысамын.
Таңертең С. Мұқанов көшеміз көше шамдарының әсерінен күндізгідей жап жарық болып тұрады. Биыл тратуар салынды. Сондықтан жүгіру спортымен айналысу тұрғындар үшін қолайлы.
Тұрғындар демекші, сәл төмендеу тұратын құрдасым бар. Алик дейміз. Қашан көрсең қоғамдық, әлеуметтік мәселелермен айналысып белсенді болып жүреді. Өзін осы көшенің басшысымын дейді.Мен оған өзіңді өзің сайлап алғансың деп тиісемін. Мақсат деген ініміз құрылыс заттарын сататын дүкені бар. Көшемізде балалар ойын алаңын жасап бермін деп, жердің құжатының қамымен жүр. Әйтеуір көршілерім жақсы. Олардың тайы озып тұр.
