Мен-Құраншымын: сұрақ-жауап
Журналист: Сіз Құдайға сенесіз бе?
Құраншы: Мен Құдайдың бар екенін білемін, сондықтан... сенбеймін
Журналист: Сіз оны қайдан білесіз? Ол аспанда жұлдыздармен «Мен бармын» деп, Сізге жазып берді ме? Ол Сізбен байланысқа шықты ма? Ол Сізге КЕРЕМЕТ көрсетті ме?
Құраншы: Аспанда жұлдыздармен жазған жоқ, солай болса да КЕРЕМЕТТІ көрсетті.
Журналист: Сіз өзіңіздің кең тараған «Құранның математикалық кодтауы» жазғаныңызды айтып отырсыз ба?
Құраншы: Тек оны емес, бірақ ішінде ол да бар. Ал, мен де Сізге сұрақ қоямын- КЕРЕМЕТ деген не?
Журналист: Керемет пе, ол-ақылға сыймайтын, ғажайып бірдене...
Құраншы: Яғни-үйреншікті, әдеттегі емес қой?
Журналист: Әрине, сондай сияқты...
Құраншы: Сіз үндістандық қыз Дхара Гупта туралы әңгімені естідіңіз бе?
Журналист: Жоқ
Құраншы: Онда тыңданыз:
«Өмір бақи Дхара Гупта Раджастан сахарасында Джасалмердің жанында орналасқан деревняда тұратын. 1882 жылының күндерінің бірінде түскі ас дайындау кезінде кенеттен ол аулада бір айқай-шу естіді. Осыдан 2 жыл бұрын алыс сапарға кеткен оның Махавир есімді немере ағасы келіпті. Аман-есен келген Махавир дастархан басында туыстарына алдынан шыққан күтпеген жағдайларды әңгімелеп берді. Ол туыстарына қарақшылар, жабайы андар, биік таулар мен басқа да ақылға сыймайтын оқиғалар туралы әңгімеледі. Бірақ барлығынан бұрын Дхараны ол «мұз» атты әлде бірнені көргені туралы пайымдауы қайран қалдырды. Махавир айтқан еді: «Мен сондай жерлерде саяхаттадым, онда соншалық суық болды, өзендердегі су өз ағымын тоқтатып, қатты, мөлдір блоктар калпына айналатын. Ең таңқалдыратыны, су қататын аралық стадияның болмайтыны. Еркін ағып тұрған су қатайып жатқан судан сәл жылы болып көрінетін. Дхара жұртын көзінше немере ағасымен айтысқысы келмеді. Бірақ ол оған сенген жоқ. Оның айтқаны Дхараның бүкіл өмірлік тәжірибесіне қайшы келетін. Ол от құсатын айдахарлар туралы әңгімелейтін саяхатшыларға сенбейтін. Ол әлдеқандай «мұз» туралы бұл сандыраққа да сенбейді. Бұндайға сенуді ол өзін тым ақылды деп санайтын.
Журналист: Сіз нені тұспалдап айтып отырсыз?
Құраншы: От құсатын айдахарлар әңгімесіндегі қиялға жақын Махавирдің мұз туралы әңгімесі қиял емес, бұл қатқанда сумен не болатынын нақты сипаттамасы деген, Сізге ой салып отырмын. Дегенмен Дхара ағасының айтқанына сенбеген еді.
Мен не айтқым келеді? Айтқым келетіні, әлемнің құрылуы туралы бәріне, әрине, біз сенбеуміз керек. Адамдар әңгімелейтін әуе құралдарын көмекке алмай ұшатынына немесе ойдың күшімен сағаттың жүрісін тоқтататынына біздің оларға сенбеуміз жөн болар-өйткені осындай оқиғалардың болмайтынын өзіміздің бұрынғы тәжірибеміз дәлелдейді.
Бірақ бұл проблема біздің: тәжірибеде бұрын кездеспеген, дәл шынайы, кей кезде болуы мүмкін. Бір мезгілде шынайы да болады, үйреншікті емес де болады. Біздің қазіргі пайымдауларымызға сәйкес емес деп, әлдеқандай идеяны әншейін қайырып жібере алмаймыз. Көпшілікке танылған пайымдауға қарсы тұрған әлдеқандай жеке адам немесе шағын топ осы идеяны сендіреді деп, біз оны қайырып жібере алмаймыз.
Журналист: Сіз Құранның математикалық кодтауы-шынайы және әдеттегі емес деп айтқыңыз келеді ме?
Құраншы: Иә.Дәл осыны айтқым келеді. Тек қана компьтердің көмегімен құрандық мәтінінің құрылымында, Құранның әріптер мен сөздердің гематриялық мағынасында осындай деңгейдегі математикалық кодтауды жасауға болады. Бұл факт. Ол айдан анық.
20 ғасырда ғана ойлап тапқан есептеу техниканың көмегімен сіз кодтауды, өзіңіз қайтадан тексеріп алуға мүмкіндік бар және математикадан аз ғана біліміңіз болса да, осындай деңгейдегі кодтауды суперкомпьютерлерді ғана қолданып жасауға болатынына көзіңіз жетеді. Құран-ол осындай кодтау табылған бүгінгі күні жалғыз кітап екен. Құран осыдан мың жарым жыл бұрын жазылған, оның мәтіні өзгермеген.
Ал енді ойланайық. Барлық кітаптар адамдармен жазылған. Ешбір кітапта осындай бірегей математикалық кодтауы жоқ. Құран 7 ғасырда жазылған, ол кезде адамдар компьютерді білмейтін. Сол уақытта компьютерлер жоқ еді. Демек-немесе Құран кітап емес немесе авторлар адамдар емес. Немесе адамдар-кәдімгі адамдардан өзгеше көрінетін. Түсінуге болады гой, 7 ғасырда құзырында суперкомпьютерлер бар адамдар кәдімгі адамдардан өзгеше көрінеді.
Журналист: Мүмкін «математикалық кодтау»-астам өркениеттің өнімі. Басқа планеталық немесе көне.
Құраншы: Мүмкін. Бірақ, егер классикалық ғылыми ұстанымды-«Оккам ұстарасын»-«Ең оңай пайымдау-ең дұрысы» қолдансақ, біз мынадай ойға келеміз кітаптың авторы сол, осы кітаптың авторымын деп өзін атайды, сол бізді және осы әлемді жаратқан. Өйткені осы кітаптың әр бетінде жазылған. Мен Құдаймын, абсолюттік және бәрін сыйдыратын, тумаған және туылмаған. Мен Сендерді жараттым, Мен Сендерге осы кітапты жібердім.
Сіз өзініз Құранның Математикалық кодтауын оқып білдіңіз бе?
Журналист: Жоқ...оқыған жоқпын. Менің пікірімше, ол нумерология, кабалистикаға жақын бірдене.
Құраншы: Сізге солай көрінеді ме? Бірақ математикалық кодтау-алаяқтық деп берік айтуға мүмкін емес! Сізде кодтау колдан жасалғанына айғақтар да жоқ шығар?
Журналист: Жоқ.
Құраншы: Және болжамдардың негізінде осындай маңызды шешім қабылдайсыз ба?
Журналист: Мен Сізді түсінбей отырмын.
Құраншы: Менің айтатыным, болжамдардың ғана негізінде, Сіз осындай ерекше маңызды мәселені елемеуге шешім қабылдайсыз!
Ойланыңыз! Ал егер кодтау-шын мәнінде-Құдайдан, Абсолюттан, Бастапқы себептен, Ғаламдық Демиургтан-қалай атасаңыз да өз еркініз! Өйткені осы шын болса, Құдайдың бар екені анық болады. Құдайдың бар екеніне Сізде айғақтар пайда болады! Сіздің өмірініз түбегейлі өзгеретін болады. Бұл дегеніміз Құран нені айтады-шын мәнінде Құдайдан және Құранның бағытымен өмір сүру керек!
Журналист: Құранға ориентир жасап тұру-әйелдерге хиджаб кигізіп, бес рет намазы бар, зинақорлық үшін тас лақтырып өлтіру және ұрыларға қолдарын шабу ма?
Құраншы: Сіз бұны қайдан ойлап таптыныз, Сіздің осыны айтқанды істеу-Құранға ориентир жасап өмір сүру екені?
Журналист: Бірақ Құран бойынша тұратын миллиондаған мұсылмандар дәл менің айтқанымды істейді гой!
Құраншы: Сіз қателесіз. Сіз айтып отырған адамдар-мұсылмандар емес және Құран бойынша өмір сүрмейді. Олар не суннитер, не шиитер. Және олар Құранға бағдар жасап тұрмайды, олар сунниттік немесе шииттік дәстүрге сүйеніп өмір сүреді. Аталған дәстүр-хадистер-арнайы әңгемелер негізінді құрылған, «құран еместерге». Бұл әңгімелер-хадистер-Құраннан соң 2 ғасырдан кейін пайда болды. Құранды бұрмалау, дәстүрді құру және адамдармен манипуляциялар жасау мақсатымен хадистер корпоративтік жречество мен /абыздар корпорациясымен ойдан шығарылған. Біздің Ислам реформациясының манифестін оқыңыздар, менің не туралы айтқаным түсінікті болар деп ойлаймын. Құранда бес реттік намаз да, хиджаб та, тас лақтіріп өлтіру да жоқ. Біздің www.Nurmura.kz, ruh.kz, anti-idol.kz-сайттарымызда аталған мәселелер бойынша жан жақты ақпарат жарияланды.
Құран-ол түсіну мағынасы айқын,анық кітап. Құранның басты үндеуі-ОЙЛАНУ және АҚИҚАТТЫ ІЗДЕУ. Еркін ойлау, сыншыл ойлау-Құранның негізгі үндеуі. Құранда Меккеге қажылыққа бару үндеуі және пұтшылдық қара тасты сүю дегені атымен жоқ, күніне бес рет намаз жасау бұйрығы жазылмаған. Құранның түсіндірмелері тым бұрмаланып кеткен.
Журналист: Сонымен Сіздер әйелдерді хиджаб қиюді және бес рет намаз жасауды талап етпейсіздер ме?
Құраншы: Жоқ. Біз Құдайға сөз қоспаймыз және нені істеуміз керек, соны істейміз-Құран бойынша өмір сүреміз.
Журналист: Сонда не себеппен басқа барлығы Құранды оқиды және оның сіздер сияқты мағынасын түсінбейді?
Құраншы: Мен адамдардың БАРЛЫҒЫ Құранды түсінбейді деп шешіп айтпаймын. Көпшілік дәстүрге ереді, ал дәстүр әдейі, біле тұра Құранның үндеуіне қарсы екенін айтамыз. Адамдардан хаттар келеді, әсіресе соңғы кезде, көп жағдайларда олар Құрандық принциптер бойынша және дәстүрге ермей жалғызбас тұрған екен. Біз ақиқатты іздеу жолындамыз, Құранды өзіміз түсінгенімізді жалғыз ғана сенімді екен деп догма қылмаймыз. Күнде біз Құранда бір жаңалық ашамыз. Біз жаратылыстану ғылымдарына, философияға, математикаға, логикаға бағыт жасап, алған білім арқылы Құранды зерттеу үшін. Дұрысын айтқанда-Құдаймен адамның қарым қатынасы-әр адамның өте мөте өздік, сырлас ісі. Құдайдың ісіне қызмет ету үшін ешқандай мешіт, шіркеудің керегі жоқ. Адам өзі, дербес түрінде ойланып, Ақиқатты тану керек.
Журналист: Сіздердің мақсаттарыңыз қандай?
Құраншы: Ақиқатты іздеуді жалғастыру жолындамыз. «Әлем, Адам деген не? Не істеуміз керек?» сұрақтарға жауап беруге тоқтатпаймыз.
Журналист: Яғни Сіздер «қозғалысты» кеңейтуді, қаржылық және саяси билік ке қол жеткізуді мақсат қоймайсыздар гой? «Құраншыларды» шетелден, тіпті Америкадан қаржыландырады деген сөз бар. Тіпті сіздерді жасырын шиитер дейді...
Құраншы (күлімсіреп) Біріншіден, «Құраншы» деген сөз-дінбасшылығымен бізге тағылған құлақша қағаз, ярлык, олар бізге сындарлы сын айтуға шамасы жетпеген сон, «Құраншыларды» басқаратын әлдебір Мансур египеттік докторы және тіпті бізді ЦРУ қаржыландырады...деп шаршамай езбелей береді. Осының бәрі сандырақ қой. Бір де бір дәлел жоқ, бір де бір аргумент жоқ. Біз осындай «мәліметтерге» жауап қайтармаймыз. Бұл бізді өзімізге өте қызық істен-ақиқатты іздеуден-назарымызды аударады. Сондықтан да «Құраншы» емес, бізді дұрысы рационалдық монотеист деп атағаны.
Біз ақиқатты іздеудеміз. Компас сияқты ибрахимдік /авраамические/ Жазуларды/Құран, Інжіл, Тора/ қолданамыз, ғылым мен философияға сүйеніп, өз ойларымызбен бөлісеміз және өз ойларымызды медиялық-фильмдер, мақалар-өнімдер арқылы қорғаймыз. Ал шиитер жөнінде тіпті айтқым да келмейді. Қалайша сізге түсініксіз екен, біз тап мұндай дәстүрге қарсымыз. Бізге ешкандай айырмашылық жоқ-суннит немесе шиит па, католик немесе буддист па.
Журналист: Бірақ сіздер өздеріңізді мұсылман деп атайсыздар ғой?
Құраншы: Иә. Бірақ мұсылман кім екенін талдап көрейік. Менің ойлауымша, сақалы беліне түскен, күніне бір сарынды намаз (Құранда тіпті намаз деген сөз жоқ және бұл сөз көне индиялық «намасте» сөзінен шығады, вавилондық жречествомен дәстүрге еңгізілген) рәсімін орындайтын мұсылман емес; мұсылман-ол еркінойлаушы, сыншыл ойлайтын, ғылыми адам, ол логика заңдарын қолданып осы танымды әлемді таным арқылы игереді! Біз үшін Абай, Сократ немесе Ньютондардың мұсылмандығы көбірек, Сауд Арабияның әлдебір салафиттік шейх немесе Пакистанның софылық піріне қарағанда...
Журналист: Сіздердің ойларыңыз мен зерттеулеріңіз туралы материалды қайдан алуға болады?
Құраншы: Мен сізге айтқанымдай мынадай сайттарда: www.nurmura.kz, www.ruh.kz., www.anti-idol.kz.
Журналист: Рахмет. Әңгіме өте қызық болды.
Құраншы: Сізге де рахмет.
www.nurmura.kz
