"Мен отыз жылдан кейін" челленджі!
"Мен отыз жылдан кейін" челленджі!
Сәлем! 30 жыл дегенім өте үлкен аралық, білемін... Бірақ, мақсаты айқын, болашаққа нық қарайтын адам ретінде ,ең біріншіден өзімді, егемен, дамыған елдің еркін азаматшасы ретінде көремін. Қазіргі таңдағы жастар үшін жасалып жатқан барлық көмек, ресурстардың куәгері болып сол даму жолында көтерілген тұлғаны көремін.
Екіншіден, қазақта “Қыз мұраты-кету” демекші, өзімді адал жар, керемет ана, мықты ұстаз көремін. Ел тұғырын биік ұстайтын, жоғары көтеріп, даму жолына үлес қосатын, біріншіден, сол азаматтарды өз ұясында тәрбиелейтін ана, екіншіден, өзге адамдардың балдарын дәл осы тұрғыда тәрбиелейтін ұстазды көремін.
30 жылдан киін не боларын білмеймін, бірақ, өзімді және жанымдағы жақындарымды жақсылыққа, дамуға тартып, осы өмірге “бір кірпіш” болып қалануыма сенімдімін...
Құрметова Салтанат 18 жас, студент
