Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Мен Nur Otan-ға дауыс беремін!"

Автомитингке Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, олардың арасында танымал қазақстандықтар: 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов, актер, сценарист және продюсер Мейіржан Төребаев, журналист Сергей Пономарев, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бекқали Торғаев және басқалар да қатысты.

«Екі апта бұрын біздің алғашқы «BIZ BIRGEMIZ» автомитингіміз бүкіл ел бойынша кең қоғамдық резонанс тудырып, алматылықтардан үлкен қолдау алып, көптеген автомобиль жүргізушілерін жинағанына қуаныштымыз. Бүгін бірінші автомитингке қатыса алмаған тұрғындар келді. Бізді мегаполис тұрғындарының осындай бірлігі мен үйлесімділігі қуантады! Олардың бүгінгі шараға қатысқаны Елбасы мен Nur Otan партиясының алдағы 5 жылдағы бағытына нақты қолдау көрсететінін дәлелдейді», - деп атап өтті Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров @stanislav_kankurov .

Әлеуметтік желілерде қаланың қарапайым тұрғындары мен танымал тұлғалары – опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Еңбек Ері, актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, эстрада орындаушылары Айгүл Иманбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов және басқа да танымал қазақстандықтар қуатты қолдау білдірді.

0
0
161

Осы тақырып бойынша

"Мен Nur Otan-ға дауыс беремін!" - Yvision.kz