Мен - нұротандықпын!
Еліміздің бірінші жетекші партиясы болып табылатын "Нұр Отанға" мүше болу, оның ұстанған басты бағыттарын жүзеге асыру үшін жұмыстану - әр мемлекеттік қызметкер үшін абырой әрі міндет. Сондықтан да партияның мүшесі ретінде алға қойған мақсаттарды орындау үшін өз аймағымызда да жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеміз. Доктринаға сәйкес партияның идеологиясындағы
басты құндылық - адам болып табылады. Партияның «Жас Отан» жастар қанатын ұйымдастыру-саяси тұрғыда нығайту, оның қызметінің дербестік сипатын дамыту және оған жастардың барлық топтарын тарту да ауылдық жерлерде жүзеге асып келеді. Мен партияның болашағына, жоспарлы істерді жүзеге асырудағы басты ұстанымдарына сенемін әрі қолдаймын. Өйткені бұл - мақсаты айқын, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті берік ұстанған партия. Мен "Нұр Отан" партиясының мүшесі болғанымды мақтан тұтамын! #меннұротандықпын #бастауышпартиянегізі 2021.
