Мен әлеуметтік желілер детоксына қалай келдім?
Таң. Күн өз ұясынан шығып, шуағын менің тереземе төкті. Терезеден түскен жарықтан көзімді зорға аштым. Сәл жатып, қолыма ұялы телфонды алдым. Әдеттегідей әлеуметтік желілерге кірдім.
Инстаграм лентасын бір жүгіртіп шығып едім, бірі Дубайдың алтын құмдарында дем алып жүрсе, енді бірі үш баланың бақытты анасы болып жүр. Инстаграм әлемінде барлығы мұңсыз,еш уайымсыз, жайбарақат жүрген адамдар тәрізді. Кейде оларға сеніп те кетемін.
Одан кейін твиттер, фэйсбукке кірсем, әлемдегі жаңалықтарды оқып, жаңа оянған миымды түрлі мәліметпен толтырып тастаймын. Трамп, терроризм және Қытай. Теңге бірде көтеріледі, бірде түседі. Келетін жаңалықтардың көбі негативті реңде жазылған. Жаңа күн басталмай жатып, түрлі ойға шомып, біраз мазасыздана бастадым.
Бұл ұдайы өзгерістегі заманда, адам ақпараттық ағымның астында қалды. Шыны керек, ақпараттың тым көп болуы мені шаршатты. Кейде бір жаман жаңалықтан кейін өзіме отырарға жер таппай, жүрегім ауызыма тығылып, бір қызық күйге түсе беретінімді байқадым. Тіпті жақында қайғылы жаңалықты оқығаннан кейін тоқтамай жыладым. Сол кезде әлеуметтік желілер жүйкемді әбден тоздырғандығын сездім.
Соңғы мәлеметтерге сүйенсек, әлеуметік желілер деткосы адамның эмоционалды фонына жағымды әсер етіп, оған аз да болсын тыныштық сыйлайды. Ең болмағанда таңертен және жатар алдында телефоныңызға тыным берсеңіз, сіздің көңіл күйіңіз жақсарып, ұйқыңыз түзелетін болады.
«Аз білсең көп ұйктайсың» деп орыс халқы бекер айтпаған шығар.
Мен әлеуметтік желілерге деткос жариялаймын.
