«Мен қазақпын» деп өткен Жұбан ақын
Жұбан Молдағалиев - ХХ ғасырдың екінші жартсындағы қазақ совет әдебиетінің, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлесін қосқан әдебиет ісінің ұйымдастырушысы, мемлекеттік қайраткер. Биыл ақынның туғанына - 100 жыл.
Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы сарқылмайтын өміршең туынды, Жұбан Молдағалиевтің сөзіне және Ілия Жақановтың әніне жазылған, бүгінде дарынды дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың орындауындағы "Еділ мен Жайық" әні халықтың сүйікті әніне айналды, әсем ән сазының астарында ақынның туған еліне, жеріне шексіз махаббаты сезіледі. Ақынның азаматтық ұстанымдары публицистикалық сипатта келіп, адамға қажет ой толғаныстарға, қасиет құндылықтарға толы. Ақын өмірі мен шығармашылығы лайықты тарихи бағасын алды, Орал қаласында ақын ескерткіші тұр, жерлестерінің, халықтың ақынға деген махаббаты мен сүйіспеншілігінің белгісі.
