Мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі жобасы аясында «Берген» спорт кешені салынады
«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Бақтияр Тағаев пен Бақыткүл Тастанбекова Берген ауылында «Есіктен есікке» акциясын өткізді.
Үміткерлердің айтуынша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттары белгіленген. Ондағы басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. 2025 жылға дейін 14 елді мекендерге газ тартылады, оның ішінде Берген ауылы да бар. Мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі жобасы аясында «Берген» спорт кешені салынады.
