Мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелерін дөңгелек үстелде кадр қызметкерлері талқылады

А.ж. 9 маусымда Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті облыстың мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Департамент басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев табысты мемлекет тек ғана мемлекеттік қызметшілердің тиімді және кәсіби жұмысы негізінде болуы мүмкіндігін белгілеп, келе жатқан кәсіби мейраммен қатысушыларды құттықтады.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет желісінде ең өзекті мәселелер (әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттаудың нәтижиелері, «Е-қызмет» ИАЖ жұмыс істеуі, мемлекеттік органдарда тәртіптік тәжірибесі, сынақ мерзімін белгілеуі мен талемгерлерді бекітуі, конкурстық рәсімдерді өткізуі, ауысушылық және т.б.) тақыланды. Қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының бас маманы М.Б. Мұқанова, Аққайын ауданы персоналды басқару қызметінің бас маманы Л.Н. Чертова өз мемлекеттік органдарда оң жұмыс тәжірибелерімен бөлінді.
Дөңгелек үстел соңында үздік кадр қызметкерлері Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Осындай кездесулер Департмаентпен тұрақты негізде өткізіледі.
