Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметті өткеру, жігерлену, бағалау»

13 қазан сенбі күні Жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қалалық департаменттің өкілі Мурзагельдинова Венера «Мемлекеттік қызметті өткеру, жігерлену, бағалау» атты тақырыпта өтті. Курс барысында студенттер мемлекеттік қызметтің А, Б, С, Д, Е сынды деңгейлеріне бөлінетіндігімен танысып, әр сатыдағы ерекшеліктерін білді. Сонымен қатар лектор соңғы кездегі мемлекеттік қызметшілерге байланысты өзгертулерді атап айтқанда қол жетімді үй алу мүмкіндігі, айлық деңгейі, қызметкерлерді бағалау принциптері туралы жайттарымен бөлісті. Мемлекеттік қызметшілер тек қана жұмыс барысымен шектелмей, тәжірибелігін шыңдау үшін Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына да түсе алатындығына бітіруші курс студенттері құлағдар болып, қызығушылықтары артты.

14 қазанда Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Дәурен Бабамұратов «Саяси элита» аясында әңгімесін өрбітті. Ол бойынша саясаттануда Парето, Михалис сынды ғалымдардың азшылықтың көпшілікті басқару теорияларын бүгінгі қоғаммен салыстырып, соңғы жылдарда мемлекеттік қызметшілердің саны 90 мыңнан асып жығылатындығын, бірақ әлі де сауатты, тәжірибелі кадрлардың жетіспеушіліктерін айта кетті.

0
0
535

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметті өткеру, жігерлену, бағалау» - Yvision.kz