Мемлекеттік қызметтің бос орындар жәрмеңкесі
2019 жылы 17 сәуірде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірген азаматтар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті. Жәрмеңкеге 30 мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің персоналды басқару жөніндегі бас маманы - Ә.М. Қарымсақова қатысты. Іс-шарада облыстың мемлекеттік органдары атқарушы және басшы құрамының 200-ге жуық бос лауазымдарын ұсынды.
Жәрмеңкенің мақсаты - мүдделі жұмыс берушілер мен ізденушілерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне назар аудару, мемлекеттік қызметке кіру мәселелері бойынша кеңес беру, қызметкерлерді іріктеу, мемлекеттік органдардың жұмысы мен ерекшеліктерімен танысу. Іс-шараның негізгі месседжі - жұмыс берушімен ынтымақтастықтың перспективалық түрі, халық арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.
Жәрмеңкеге 300-ден астам азамат қатысып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
