Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету жөнінде семинар өткізілді

Ағымды жылғы 11 мамырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті, СҚО бойынша әділет департаментінде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингі бойынша есепті сапалы беру мәселелері жөнінде семинар өткізілді.

Семинраға әділет Департаменті басшысының орынбасарлары мемлекеттік қызметтерді көрсету мен ішкі бақылау жүргізуге жауапты қызметкерлі, сондай-ақ видеоконференцбайланыс бойынша әділет органдарының аудандық басқармаларының басшылары және аға сот орындаушылары қатысты.

Семинра барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.Қ. Еңсегеновпен мелекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алу туралы түсіктеме берілді.

 
0
0
331

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету жөнінде семинар өткізілді - Yvision.kz