Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
2018 жылдың 14 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен Орал қаласының Зачаган кентінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Аталған шараға қалалық жер қатынастары, жұмыспен қамту, тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қалалық ветеринариялық станциясы бөлімдері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қатысты. Онда Зачаган кентінің тұрғындары жұмыспен қамту, яғни жұмысқа орналасу, қоғамдық жұмыс, сонымен қатар мүгедіктікке берілетін мемлекет тарапынан көмектер, мал дәрігерінен алынатын анықтама, жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде алынатын анықтама, мекежай анықтамасы, және де жер кезегі, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға несие алу жөнінде көптеген сұрақтарына жауап және мемлекеттік қызметтерді алу және қызмет алушылардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы сұрақтарына жауап алды.
