Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жалғасуда!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен а.ж. 28 шілдесі «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАО-ның Қызылжар ауданындағы филиалында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түспегенін атап өту қажет. Аудандық орталық тұрғындары Мемлекеттік корпорацияның жұмысына оң баға берді. Қоғамдық қабылдауға жалпы 2 адам жолықты. Түскен барлық сұрақтар бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.М. Қахабаевпен толық түсіндірмелер берілді.
