Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жалғасуда!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау а.ж. 23 мамырында ашық есіктер күні шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАО-ның Қызылжар ауданындағы филиалында азаматтарды қабылдауды жүргізді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түспегенін атап өту қажет. Аудандық орталық тұрғындары Мемлекеттік корпорацияның жұмысына оң баға берді. Қоғамдық қабылдауға жалпы 3 адам жолықты. Түскен барлық сұрақтар бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.М. Қахабаевпен толық түсіндірмелер берілді.
