Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы жалғасуда!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен а.ж. 6 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Қабылдау барысында 3 адам жолықты, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына өтініштер түскен жоқ. Барлық түскен сұрақтарға Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Ә.А. Ержановамен толық түсіндірмелер берілді.
