Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен а.ж. 14 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының СҚО бойынша филиалы - «ХҚКО» департаментінің № 2 бөлімінде азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында екі адам жолықты, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына өтініштер түскен жоқ. Барлық түскен сұрақтарға Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Ә.А. Ержановамен толық түсіндірмелер берілді.
