Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарға арналған қабылдау
2017 жылдың 14 шілдесіндеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бірінші бөлімінде азаматтарға жеке қабылдаулар жүргізілді.
Осы шара барысында тұрғындар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша сұрақтарға жауап алып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі мазмұндалған ақпараттық парақшалар үлестірілді.
