Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айжан Әбіт Есік қаласында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында экспромт кездесу өткізді. Кездесу барысында Халыққа қызмет көрсету орталығынының қызметкерлері мен онда келген аудан тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның үнпарақтарын таратып, халықты 10 қаңтар болатын сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Біздің партия ел тұрғындарының сенімін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы алтын көпір ретінде әркез оң әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Ауданымыздың әр салада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жан-жақты дамуы үшін, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, жайлы, қауіпсіз де қолайлы ауданда өмір сүруі үшін, болашағымыз – балалардың сапалы білім алып, тұрғындардың денсаулығы мықты болуы үшін «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында барлық мәселені жан-жақты қарастыра отырып, саралап-сараптап, түгел қамтыды. Әрі әр мәселенің туындау себептерін анықтап, оларды жою жоспарын да қадам-қадаммен нақтылап көрсетіп берді. Осы жоспар бойынша 300 мыңнан астам халқы бар үлкен ауданымызда алдағы бес жылдың ішінде тек оң өзгерістер орын алып, дамудың жаңа сатысына көтерілетініміз анық», – деді Айжан Әбіт.

«Nur Otan» партиясы ауданымыздың дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын. Өйткені тұрғылықты жердің бар мәселесін бүге-шігесіне дейін білетін, өңірдің әлеуетін, оның кез келген саладағы артықшылықтары мен кемшін тұсымен тереңнен таныс біреу болса, ол – әрине, жергілікті тұрғындар. Сондықтан, әрі «Nur Otan» партиясы халықтың партиясы болғандықтан да әркез халықпен санасып, барлық жобалар мен бағдарламаны да тұрғындардың ұсыныс-тілектерін қарастыра отырып қабылдайды.

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады - Yvision.kz