Мемлекеттік қызметтер алушыларымен кері байланыс

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Петропавл қ. № 2 бөлімінде 10 мамырда сағат 16-30-дан 18-30-ға дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде ХҚКО-ға 32 қызмет алушылар жүгінді.
Қабылдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі бойынша түсініктеме берілді. Арыз – шағымдар түскен жоқ.
Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес, облыс орталығындағы ХҚКО-ның барлық филиалдарында жүргізілетін болады.
