Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы

ҚР "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына сәйкес мүдделер қақтығысы-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Жеке мүдделер деп жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу деп түсіну керек.

Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, жоғарыда аталған адамдардың лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.

Сондай-ақ, аталған адамдар мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшы не жоғарыда көрсетілген адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша оларды лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетуге және лауазымдық міндеттерін атқаруды басқа адамға тапсыруға құқығы бар;

2) лауазымдық міндеттерді өзгерту;

3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға міндетті.

Сонымен бірге, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау тәртіптік теріс қылық деп танылады.

Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

***

Согласно законам РК «О государственной службе Республики Казахстан» и «О противодействии коррупции», конфликт интересов – это противоречие между личными интересами лиц, занимающих ответственную государственную должность, лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, лиц, приравненных к ним, должностных лиц с их должностными полномочиями, при котором личные интересы указанных лиц могут привести к ненадлежащему исполнению ими своих должностных полномочий.

Под личными интересами следует понимать возможность получать или извлекать лично или через посредников имущественные (неимущественные) блага и преимущества для себя либо третьих лиц.

Вышеуказанным лицам запрещается осуществлять должностные обязанности, если имеется конфликт интересов.

Так же, указанными лицами должны приниматься меры по предотвращению и разрешению конфликта интересов.

Лица, занимающие ответственную государственную должность, лица, уполномоченные на выполнение государственных функций, лица, приравненные к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, должностные лица обязаны в письменной форме уведомить непосредственного руководителя либо руководство организации, в которой они работают, о возникшем конфликте интересов или о возможности его возникновения, как только им станет об этом известно.

Непосредственный руководитель либо руководство организации по обращениям вышеуказанных лиц, или при получении информации из других источников обязаны своевременно принимать следующие меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов:

1) отстранить их от исполнения должностных обязанностей и поручить другому лицу исполнение должностных обязанностей по вопросу, в связи с которым возник или может возникнуть конфликт интересов;

2) изменить должностные обязанности;

3) принять иные меры по устранению конфликта интересов.

Вместе с тем, умышленное непринятие мер по предотвращению и урегулированию конфликта интересов признается дисциплинарным проступком.

Государственный служащий, его непосредственный руководитель и руководство государственного органа несут дисциплинарную ответственность за непринятие мер по предотвращению и урегулированию известных им случаев конфликта интересов.

0
0
380

Осы тақырып бойынша