Мемлекеттік қызметтегі кадр тұрақтылығы басты назарда
2017 жылдың 29 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың басшылары және аудан әкімдері бейне конференция байланысы арқылы кеңес өткізілді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов қатысып, жергілікті атқарушы органдардағы кадр ауысымдылығы, соның ішінде таза ауысымдылық туралы баяндама жасады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша таза ауысымдылық көрсеткіші 7,7%-дықұрады. Облыстық басқармалар бойынша 8,1%, ал қала және аудандардың таза ауысымдылық көрсеткіші 7,6%-ды құрады. Таза ауысымдылық индикаторы жоғары көрсеткішке жеткен жергілікті атқарушы органдарға тоқталып өтті.
Облыс әкімі Департамент басшысы Б.Исақовтың облыстағы мемлекеттік органдардағы таза ауысымдылық мәселесін тез арада қолға алып, оны төмендетуге жағдай жасау жөнінде ұсынысын қолдады.
