Мемлекеттік қызметте мансаптық жоғарылату

Қазіргі заманғы қоғамның даму динамикасы мемлекеттік аппараттың жүйесін дамыту және жетілдіруін тұрақты түрде талап етеді. Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалауы перманентті процесс болып табылады. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі едәуір өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңде оның дамуы өзекті қоғам талаптарына сәйкес барлық аппаратты реформалауға қарастырылған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыруымен байланысты.
Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі жаңғыртылды. Әр мемлекеттік қызметшінің мансап жолы енді төменгі лауазымнан басталады. Осылайша, 2017 жылдың 1 жартыжылғында Солтүстік Қазақстан облысында 316 әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға өткізілген жалпы конкурстардың қорытындылары бойынша 190 адам мемлекеттік қызметке алғаш рет түсті.
Үміткерлерді төменгі лауазымдарға іріктеуі және одан әрі мансаптық жоғарылатуы құзыреттілік негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына білімі және жұмыс тәжірибесіне талаптармен қатар сыбайлас жемқорлыққа төзбеүшілік, тұтынушыларға бағдарлану, әдептілік, коммуникативтік, бастамашылдық және басқа да құзыреттер болуына талаптары енгізілген.
Ұлт жоспарының оныншы қадамына сәйкес Қазақстанда енгізілген мансапты мемлекеттік қызмет моделінің негізіне меритократия қағидаты, яғни жеке еңбегін және жетістіктер мойындауы сіңірген. Озық шет елдердің үлгісі бойынша мансаптық моделін енгізу үшін ішкі конкурстар институты жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық саты бойынша жоғарылатуы төмен тұрған лауазымдарда жұмыс өтілі, сондай-ақ тиісті білімі бар болған жағдайда ғана мүмкін.
Бірінші кезеңде бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында өткізіледі. Осы тәсілдің жақсы жақтарының бірі бұл ең алдымен жоғары лауазымға қажетті тәжірибесі мен білімі бар өз мемлекеттік органының игілігі үшін қызмет етуге және оның әлеуетін дамытуға ұмтылатын тұлға тағайындалады. Үміткерлердің болмаған жағдайда, конкурс барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік органдарда жыл басынан бастап мансаптық жоғарылату арқасында ішкі конкурстар бойынша 87 қызметкерлер төмен тұрған лауазымнан жоғары лауазымға ілгерілді, бұл тағайындалғандардың жалпы санынан 70% - ын құрайды. Мансаптық ілгерудің үлгісі кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы қызметінен өз мемлекеттік органның басшысына дейін мансап сатысы барлық баспалдақтарын өткен Қ.А. Жарованың еңбек жолы бола алады. Ұлт жоспарының 15 қадамын іске асыру шеңберінде өткізілген әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының 190-нан астам қызметшілері лауазымын жоғарылатуға ұсынылды. Осылайша, өз мемлекеттік органдарда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің бірқатары басшылық лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік алды. Мысалы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары лауазымын шамамен 17 жыл атқарған Яковенко С.И., аттестаттау қорытындылары бойынша басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл мансапты мемлекеттік қызмет моделін практикалық іске асыруын растайды.
Мемлекеттік қызметшіде өзінің мансаптық жоғарылатуын жоспарлауға мүмкіндігі бар. Бұл кәсіби дамуы үшін айқындаушы факторы болып табылады және болашаққа сеніммен қарауға және мемлекеттік қызметтегі мансабын ұзақ мерзімді негізде құруға жол ашады.
Бүгінгі күні, конституциялық азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы жүзеге асырылды, ал мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі және кәсібилігі табысты мемлекеттік аппарат құрудың кепілі деп сенімділікпен айтуға болады.
Индира БАЖЕНОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы
