Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге және алуға тыйым салу: заңға енгізілген түзетулер...
Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге және алуға тыйым салу: заңға енгізілген түзетулер департамент қызметкерлеріне түсіндірілді.
2020 жылдың 30 қарашасында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарға енгізілген мемлекеттік қызметшілерге қатысты түзетулерді түсіндіру бойынша семинар өтті.
"Қазір заңмен мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де адамдарға рұқсат етілген сыйлықтың құны алынып тасталды. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, жеті күнтізбелік күн ішінде Меммүлікті басқарушы органға берілуге тиіс. Бұл сыйлықтарды белгіленген тәртіпте сатып алу мүмкіндігі сақталады", - деді семинар барысында мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Рашид ЕСЛАМОВ. Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілер мүлтіксіз сақтауы тиіс шектеулер туралы тағы да еске салу ешқашан артық болмайды.
***
30 ноября 2020 года прошел семинар с участием сотрудников Департамента по разъяснению поправок, внесенных в законы «О государственной службе РК» и «О противодействии коррупции», касающихся государственных служащих. «Сейчас законом исключен порог стоимости разрешаемого подарка госслужащим и иным лицам, принимающим на себя антикоррупционные ограничения. Все подарки, поступившие госслужащему и членам его семьи, включая подарки, поступившие даже без их ведома, подлежат передаче органу, управляющему госимуществом в течение семи календарных дней. Возможность выкупа данных подарков в установленном порядке сохраняется», - сказал в ходе семинара главный специалист управления контроля в сфере госслужбы Департамента Агентства по делам госслужбы Рашид ЕСЛАМОВ. В преддверии праздников никогда не лишне еще раз напомнить государственным служащим о ограничениях которые необходимо неукоснительно соблюдать государственным служащим.
