Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерге сый-сыяпат көрсетілді

Петропавлда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты жиналыс ұйымдастырды. Шараға СҚО әкімі Ерік Сұлтанов, СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шыңғыс Қабдула, сонымен қатар аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.


СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің сөз сөйлеуінде мемлекеттік аппараттың негізгі міндеті ретінде халық пен мемлекетке адал қызмет етуді белгіледі.
Ерік Хамзаұлы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерін, құрмет грамоталарды, алғыс хаттарды табыстады.


Сонымен бірге өңір басшысы «Солтүстік Қазақстан облысының үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының жеңімпаздарына естелік сыйлықтарды сыйлады. 
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы Шыңғыс Қабдула мемлекеттік аппарат қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өңір дамуына үлесін қосқан мемлекеттік қызметшілерге, отандық мемлекеттік қызметтің қалыптастыруына және құрылуына үлестерін қосқан отбасылық әулеттерге, Солтүстік Қазақстан облысының үздік мемлекеттік қызметші» конкурстың, сонымен қатар облыстағы мемлекеттік қызметтің жұмысы жайлы ең үздік жариялау сайыстың жеңімпаздарына алғыс хаттарды табыстады.


Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында 535 мемлекеттік органдарда 5 мыңнан аса адамдар қызмет етеді.

 
0
0
481

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерге сый-сыяпат көрсетілді - Yvision.kz