Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап күшеюде

Бүгінде мемлекеттік қызметті мінсіз ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. 2015 жылы жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданды.

Әдеп кодексінің жаңа талаптарының құқықтық жауапкершілігі жоғары. Заң талаптарын тарқатып айтсақ, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстануы қажет.

Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлықы мемлекетке деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың, соның ішінде кәсіпкерлердің әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, шешім қабылдау барысында уақыттылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай—ақ, қызметке жаңа келген мамандар  тестілеуден бөлек, үш күн ішінде Әдеп кодексімен танысып, ондағы ереже-заңдарды  қатаң ұстануы керек.

Ал, олардың тәртібін  жаңадан құрылған  Әдеп кеңесі қарайды. Яғни, енді Тәртіптік кеңес деген болмайды. Ал, Әдеп кеңесінің құзыретіне әдеп кодексінің талаптарын бұзған лауазымды қызметкерге қызметінен босату жазасына дейін тағайындау  құқығы берілген.

Кәсіпкерлер палатасы аталмыш кеңеске мүшелік ете отырып, бизнес өкілдерінің құқығы мен мүддесін қорғауда.

Осылайша биылдан бастап мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар күшейе түсуде. Бұл өзгерістер елеміздегі кәсіпкерліктің қарқынды дамуына, әкімшілік кедергілерді азаюна, олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда өз септігін тигезетіндігіне сенімдімін.

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының директоры,
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі
Ғалымбек Жақсылықов

 
0
0
626

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап күшеюде - Yvision.kz