Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері үнемі назарда
2017 жылдың 29 қарашада «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфирінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Жақсат Мұратұлы Мұратов радиотыңдаушыларға мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің тәртібі жөнінде айтты.
Жақсат Мұратов бұл құжаттың мәні мемлекеттік қызметшілерді жазалау емес, керісінше, қажеттілігіне қарай мемлекеттік қызметшілердің бойына жауапкершілік, адалдық қасиеттерін тәрбиелеу екендігін атап өтті.
Бағдарлама соңында Департамент өкілі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын естен шығармауға, жүктеліп отырған жоғарғы сенімді ақтауға шақырды.
