Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілер Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратура және докторантураға түсе алады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу үшін мемлекеттік қызметшілерге түсіндерме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығымен бірлесіп 2017 жылдың 16 мамырда мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазиннің төрағалығымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының өкілі экономика ғылымдарының докторы, «экономиканы басқару» кафедрасының профессоры Ж.Даухариннің қатысуымен өткізілді.

Кездесу барысында, қатысушыларға Академияға түсу бойынша жадынама-слайд көрсетіліп, өзге Академияға оқуға түсу бойынша қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 
0
0
810

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілер Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратура және докторантураға түсе алады - Yvision.kz