Мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысының мақаласын талқылады
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығының бастамасымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Шараға қатысушылар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазин сөз сөйлеп, өз сөзінде Қазақстанның эволюциялық дамуы, білімге құмарлық, ұлттық бірегейлікті сақтау және прагматизм бойынша қазақстандық қоғамның алдында нақты шаралар қойылғандығын атап өтті.
Өз кезегінде, шараға қатысушылар Ұлт көшбасшысының мақаласы мемлекеттік қызметшілерге ұлкен жігер бергендігін атап өтті.
