«Мемлекеттік қызметші жұмысының жаңа платформалары мен инновациялық форматы»
2020 жылдың 17 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Мемлекеттік қызметші жұмысының жаңа платформалары мен инновациялық форматы» тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ.Әбіл, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Тұрсынбаев Ғ.С., БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Академия түлектері мен облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері қатысты.
Шара барысында мемлекеттік қызметшілер жұмысының жаңа платформалары мен инновациялық форматы талқыланды.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
