Мемлекеттік қызметкерлерге арналған жол рейді мас жүргізушіні анықтаумен аяқталды
Рейдтік іс-шаралар барысында жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, Орал қаласы Молдағұлова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту фактісі бойынша 1959 ж. азамат С. М. Рогов басқаратын "Вольксваген Джетта" маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Аталған жүргізуші алкогольдік мас күйінде екені анықталды, бұл наркологиялық диспансердің талдау нәтижесімен расталды. Тәртіп бұзушының автомобилі айып тұрағына алынып, жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жүргізуші мемлекеттік қызметші емес.
Бірлескен рейд ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, Этикалық кодекстің талаптарын бұзуға жол берген тұлғаларды анықтау, қызметтік автокөлікті заңсыз пайдалану, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша жүргізілді.
