ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау

1

2017 жылы 18 қаңтарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Естеріңізге саламыз, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі  іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады. Аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлармен жұмыстың ықпалды шарасы болып табылады.
Семинарға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі - Департамент басшысының орынбасары - Асхат Батыржанұлы Искендиров баяндамамен сөз сөйледі.