Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 50 бабында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар анық белгіленген, өз қызметінде оларды жасауға жол бермеу үшін әрбір мемлекеттік қызметші білуі тиіс. Дискредитация (фр. сөзінен discréditer – «сенімді бұзу») – беделге, имиджге және сенімге нұқсан келтіруге бағытталған қасақана іс-әрекеттер.

Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады:

1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;

2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;

3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;

5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;

6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуі;

9) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;

10) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

11) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;

12) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 151-бабының 1), 2), 3), 4)және 7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;

13) кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;

14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;

15) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуы;

Жалғасы келесі постта!!!

Дисциплинарные проступки, дискредитирующие государственную службу

В статье 50 Закона РК «О государственной службе Республики Казахстан» четко обозначены проступки, дискредитирующие государственную службу, их должен знать каждый государственный служащий, дабы не допускать их совершения в своей деятельности. Дискредитация (от фр. discréditer — «подрывать доверие») — умышленные действия, направленные на подрыв авторитета, имиджа и доверия.

Дисциплинарными проступками, дискредитирующими государственную службу, признаются следующие деяния государственных служащих:

1) неправомерное вмешательство в деятельность других государственных органов, организаций;

2) использование своих должностных полномочий при решении вопросов, связанных с удовлетворением своих материальных интересов либо близких родственников и свойственников;

3) предоставление не предусмотренных законом преимуществ (протекционизм, семейственность) при поступлении и продвижении по государственной службе;

4) оказание неправомерного предпочтения физическим и (или) юридическим лицам при подготовке и принятии решений;

5) оказание кому бы то ни было любого не предусмотренного законодательством Республики Казахстан содействия в осуществлении предпринимательской и иной связанной с извлечением дохода деятельности;

6) использование в личных или групповых интересах информации, полученной при выполнении государственных функций, если таковая не подлежит официальному распространению;

7) необоснованный отказ в информации физическим и юридическим лицам, предоставление которой предусмотрено законодательством Республики Казахстан, либо ее задержка, передача недостоверной или неполной информации;

8) требование от физических или юридических лиц информации, предоставление которой этими лицами не предусмотрено законодательством Республики Казахстан;

9) передача государственных финансовых и материальных ресурсов в избирательные фонды отдельных кандидатов;

10) дарение подарков и оказание неслужебных услуг официальным лицам для получения с использованием должностных полномочий указанных лиц имущественной выгоды, блага либо преимущества;

11) явное воспрепятствование физическим или юридическим лицам в реализации их прав, свобод и законных интересов;

12) грубые нарушения требований к организации и проведению проверок в отношении субъектов предпринимательства, установленных в подпунктах 1), 2), 3), 4) и 7) статьи 151, подпунктах 2), 6) и 8) пункта 2 статьи 156 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан;

13) делегирование полномочий на государственное регулирование предпринимательской деятельности физическим или юридическим лицам, осуществляющим такую деятельность, а также на контроль и надзор за нею;

14) передача государственных контрольных и надзорных функций организациям, не имеющим статуса государственного органа;

15) участие в азартных играх денежного или иного имущественного характера с вышестоящими или нижестоящими либо находящимися с ними в иной зависимости по службе или работе должностными лицами;

Продолжение в следующем посте!!!

0
0
472

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар - Yvision.kz