Мемлекеттік қызметі істері Департаменті өкілдерінің студенттермен кездесуі

2016 жылдың 14 сәуірінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Экономика және менеджмент» кафедрасы және түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіби тәжірибие бөлімімен Экономика және бизнес факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша 2,3,4 курс студенттерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы В.Н.Масимовамен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Басқарма басшысы студенттерге мемлекеттік қызметті өткеру және орналасуға қажеттінормативті-құқықтық актілердің нормаларын түсіндірді.
Аталмыш кездесуде студенттер тарапынан үлкен қызығушылықтың туындағанын тестілеудің тәртібі мен қағидасы, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын талаптары, мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі және т.б. қатысты қойылған көптеген сұрақтардың негізінде айқындауға болады.
Кездесу қорытындысында, студенттер жұмысқа орналасу мәселесі бойынша толық ақпарат алудың мүмкіндігін осындай түсіндірме іс-шаралардыңқажет екендігін, соның ішінде, мемлекеттік қызметке орналасу туралы, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, аталмыш кездесудің маңызды және өзекті екенін атап өтті.
