Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Т.Т.Мерғалиевтің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жөнінде пікірі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы Елбасының Жарлығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін қабылданған шара.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру болып табылады. Аттестаттаудың да басты мақсаты – «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау. Аттестаттаудың жеке құзіреттерді бағалайтын тесттен өткізу кезеңі, менің де ойымша қазіргі заманның талабы.
Өйткені, халықаралық тәжірибеде адам ресурстарын басқаруда жеке құзіретті бағалау бойынша тестілеу өткізіліп тұрады. Тестілеудің қорытындысы бойынша олардың көшбасшылық қасиеттері мен «сын сағаттарына» төзімділігін анықтайды.
Елімізде аттестаттаудағы жеке құзіреттерді бағалау бойынша тестілеу кезеңі мемлекеттік қызметшілердің қызметті тұтынушыға бағдарлану, қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделдік, өзін-өзі дамыту, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Яғни, құзіреттер көрінісінің 4 деңгейі анықталады. Олар: халыққа қызмет ету, тиімділік, ашықтылық пен есептілік, қызметкерлердің жеке сапалары. Әр жеке тұлғаның әлді жақтары және дамыту қажет қасиеттері айқындалады. Бұл өз кезегінде әрбір мемлекеттік қызметшінің қай қасиетін дамыту үшін жұмыс жасау керек екендігін көрсетеді.
Әңгімелесу кезеңіне үкіметтік емес ұйымдардың, депутаттардың қатысуы, оның ашық әрі жариялы өтетіндігінің кепілі болып табылады.
Аттестаттаудан өтетін барлық мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тілегім келеді.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер
қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Мерғалиев Төлеген Тастайұлы
