Мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселелері туралы семинар өткізілді

А.ж. 22 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті қызметкері ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілеріне және осы мемлекеттік органның аудандық кеңселерінің қызметкерлеріне семинар өткізді.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы И.Е. Баженова қатысушыларды мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістермен: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларымен, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларымен таныстырды.
Ерекше назар мемлекеттік органның ішіндегі таза ауысушылығына, мемлекеттік қызметшілер қызметінінің тиімділігін бағалауына аударылды. Сонымен қатар, «мүдделер қақтығысы» ұғымы, оны туындайтын ықтимал жағдайлары, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шаралары түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.
