Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет мектебінің оқу жылы басталды

2018 жылдың 03 қазаны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратының мәжіліс залында «Жаңа талап» мемлекеттік мектебінің отырысы өтті.

Облысымызда алғашқы рет жоғары оқу орындары түлектері үшін ашылған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет мектебі өзінің оқу жылын бастады.

Ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларынада жоғары оқу орындары түлектерінен мектепке құжаттар қабылданып, 40 үміткерден 33 үміткер тестілеу мен әңгімелесу арқылы мектепке қабылданды.

Шарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары М.С. Нұртазин мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған үміткерлерді құттықтап, «Мемлекеттік басқарудың кәсіби аппаратын құрудағы жас мамандардың роліне» тоқталып өтті.

Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларға оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.

Мектеп тыңдаушыларына мектептің оқу жүктемесі мен жоспарын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ж.Қ. Даухарин баяндады.

Сонымен қатар, психолог Г.Қ. Кабулова «Мемлекеттік қызметте жас мамандардың кәсіби құзіреттерін қалыптастыру» бойынша струденттермен тренинг өткізді.

Шара барысында Мемлекеттік қызмет мектебінің белсенді студенттері арасынан Басқарушы комитет құруға ұсыныс енгізіліп, Басқарушы комитеттің мүшелері тағайындалды.

Басқарушы комитет мүшелері мемлекеттік қызмет мектебінің қызметі мен міндеттерін насихаттап, жастар арасында мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастырып, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысады.

Алдағы уақытта, іріктеуден өткен студеттерге мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтуді ұйымдастырылады.

1
0
454

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет мектебінің оқу жылы басталды - Yvision.kz