«Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау: әріптестік және практикалық бағыт» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
2017 жылғы 16 маусымда мемлекеттік қызметші күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру және Мемлекеттік қызметші күнін атап өту аясында және мемлекеттік қызметке кадр дайындауды жетілдіру бағытында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің конференц-залында ғылыми саланың өкілдерінің және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау: әріптестік және практикалық бағыт» атты ғылыми-практикалық конференция өткзілді.
Конференция тақырыбы бойынша тәжірибе алмасты. РФ Президенті жанындағы халықтық шаруашылық және мемлекеттік қызмет Академиясының Балаков филиалының өкілі видеобайланыс арқылы сөз сөйледі (скайп арқылы).
