ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік қызмет – халыққа сапалы көрсетілуі тиіс

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Петропавл қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына дәріс оқыды.

Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер – облыстық мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторингі және 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыттарды түсіндіру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның маманы, дәріске қатысушылардың назарын мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша рәсімдерді үнемі жаңғыртып отыру қажеттігіне аударды, сонымен қатар оларды толықтай электронды нұсқаға алмастыруды ұсынды.

ХҚКО басшылығы өз кезегінде, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторингі ішкі және сыртқы түрлерінде тұрақты жүргізілетіндігін жеткізді. Бұған қоса, тұтынушыларға көрсетілген қызметті бағалау мүмкіндігі жасалған.

Дәріске қатысушылар, мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлардағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар туралы да ақпараттандырылды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 2015 жылдың қаңтарынан енгізілген жаңашылдықтарынан хабардар етілді.

Мәселен, жаңа Кодекске сәйкес, жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға ескiру мерзiмдерi, соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу қарастырылған және қылмыстық санкциялар да күшейтілген. Халықаралық стандарттарға сәйкес, қылмыстық жаза ретінде алынған параның еселенген сомасы немесе мөлшері ретінде айыппұл көзделген.

Жемқорлықтың алдын алу шараларымен қатар, қылмысты анықтау және оның бетін ашуға да ерекше назар аударылған.

Дәріс соңында барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Сол күні, аталмыш Орталықта тұрғындарға тақырыптық парақшалалар таратылумен «Өзіңнің құқықтық сауатыңды арттыр» акциясы өткізілді және Департамент мамандары көмекке жүгінгендерге өз құзыреті шегінде ақыл-кеңестерін берді.