Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік тіл күні

Шымкентте, «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің  25 негізі»  науқанының төртінші күні шеңберінде, мемлекеттік тілге арналған іс-шаралар өтуде. Барлық мектептер мен оқу мекемелерінде  «Халықаралық қатынастағы тілдің рөлі» тақырыбына ашық сабақтар өткізілуде,  «Мемлекеттік тіл – бірлік негізі» семинарлары ұйымдастырылды. Шымкент қ. әкімдігінде қоғамдық ұйымдар, саяси партиялардың өкілдері, жастар қозғалыстарының жетекшілері қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді, онда мемлекеттік тілдің келешегі мен мүмкіндіктері талқыланды. Бүгін басқа ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білудің жалпықалалық байқауының жеңімпаздары таңдалатын болады.

Шымкент қ. ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша

 
0
0
322

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік тіл күні - Yvision.kz