Мемлекеттік шекара – мемлекеттіліктің негізі
2020 жылдың 26 ақпан күні «ANTIKOR ORTALYGY»-да ҚР ҰКК 2029 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізілді.
Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысушыларға Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, оларды адалдыққа, парасаттылыққа және мемлекет пен халық мүддесіне қызмет етуге шақырды.
Сонымен, шекара қызметінде қызмет атқару кезінде кездесетін және қаржылық-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтылды. Шекарада ауыр жүк көліктері жиналып қалғанда тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды. Автобустар жолаушылары мен жеңіл көліктердің жүргізушілері шекаралық бақылаудан тезірек өтудін жолдарын іздейді.
Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
