Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық: кең таралған схемалар»

2017 жылдың 18 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспары аясында «Мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық: кең таралған схемалар» тақырыбында пікірталас алаңы оздырылды.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының м.а. А.Жұбаныш, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Ж.Абдрахманов, БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Н.Маширов, «АҚЖОЛ» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және мектептер мен бөбекжайлардың өкілдері қатысты.

Пікірталасбарысында «Мемлекеттік сатып алу салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау», «Мемлекеттік сатып алу бағасына мониторинг жүргізудің қорытындылары» және «Мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік сатып алу салаларында жиі кездесетін заң бұзушылықтар» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Шара қатысушылары өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

 
0
0
455

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық: кең таралған схемалар» - Yvision.kz