Мемлекеттік органдардың өзгерістер агенттерімен онлайн кездесу
2020 жылғы 28 шілдеде Департаменттің өзгеріс агенті А.Р. Дощанова тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша онлайн-кездесуге қатысты. Бұл кездесудің мақсаты-пандемияға байланысты облыстағы жағдай туралы, сондай-ақ короновирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы ақпарат беру және өзгерістер агенттердің ұжымдарға ақпаратты жеткізу.
Қостанай облысы бойынша 81 мемлекеттік қызметші короновирустық инфекциямен ауырып, оның ішінде 50-ден астам адам сауығып кетті.
Короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша негізгі профилактикалық іс-шаралар туралы тағы да еске салғым келеді:
- қоғамдық орындарда қашықтықты сақтау;
- маскаларды міндетті түрде кию;
- санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеу, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).
--------------------------------------------------------------
28 июля 2020 года Агент перемен Департамента Дощанова А.Р. приняла участие в онлайн-встрече по профилактике короновирусной инфекции, организованной Департаментом Агентства по делам государственной службы по Костанайской области с участием представителей Департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг. Цель данной встречи – передача информация о ситуации в области, связанной с пандемией, а также о мерах профилактики короновирусной инфекции и доведения Агентами перемен информации коллективам.
По Костанайской области 81 государственных служащих заболели короновирусной инфекцией, из них свыше 50 человек выздоровели.
Еще раз хотелось бы напомнить об основных профилактических мероприятиях по предупреждению короновирусной инфекции:
- соблюдения дистанцирования в общественных местах;
- обязательное ношение масок;
- соблюдение санитарно-дезинфекционного режима (обработки рук, обработка поверхностей не реже двух раз в день, влажная уборка с применением дезинфекционных средств, проветривание).
