ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік органдардың персоналды басқару бөлімдерінің мамандарына әдістемелік семинар-кеңес

2017 жылдың 10 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық бөлімшілерінің  мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингі бойынша есебіне жауапты персоналды басқару бөлімдерінің  мамандарымен  әдістемелік семинар-кеңес өткізді.

Шара барысында  Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы мамандарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингі есептерінің нысандарын толтыру туралы жан-жақты  түсіндіріліп, қатысушылар  тарапынан қойылған сұрақтарға  жауаптар қайтарылды.