Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың   16 шілдесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-лекциялар өткізілді.

Іс-шаралар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинарлардың қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
449

Осы тақырып бойынша