Бүгінгі таңда өлшем нәтижелерін іс жүзінде қолданбайтын адам қызметінің бірде-бір тәжірибе саласы жоқ. Олар технологияларды жетілдіруде, өнімнің сапасын қамтамасыз етуде, материалдық ресурстар есебінде ғылыми білімнің негізі болып табылады.
Өнім сапасы туралы шешімдерді қабылдау сынақтарындағы өлшем ақпараты ғылыми эксперименттерде шешім қабылдауда негіз болып табылады.
Басқарудың барлық деңгейлерінде дұрыс шешімдер қабылдауда өлшем нәтижелерінің дұрыстығы және дәлдігі қамтассыз етеді.
Жалған ақпарат алған жағдайда әртүрлі апаттық жағдайларға және артық шығындарға, сонымен қатар өнімнің сапасының төмендеуіне, қате шешімдер қабылдауға әкеліп соқтырады.
Қазақстан Республикасының азаматтарының заңды мүдделерін, құқықтарын және экономикасын өлшем нәтижелерінің жалған салдарынан қорғау үшін Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының азаматтарының заңды мүдделерін, құқықтарын және экономикасын өлшем нәтижелерінің жалған салдарынан қорғау үшін Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы Қазақстан Республикасында негізгі ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуін және экономикалық, құқықтық өлшем бірлігін белгілейді, сонымен қатар метрологиялық қызмет саласындағы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мәселесінде мемлекеттік мүдде және тұтынушы құқығын қорғау механизимдері тетігінің бірі, өлшем бірлігі саласында қызметтері азаматтардың өмірі және денсаулығын, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуші мемлекеттік метрологиялық бақылау болып табылады.
Астана және Алматы қалаларында және еліміздің барлық облыстарында Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттері бар мемлекеттік метрологиялық бақылау уәкілетті органдар және оның аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік Кодексі мен реттеледі.
Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сәйкес таңдалған мемлекеттік бақылау мемлекеттік реттейтін органмен және жергілікті уәкілетті органмен бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеруге анықталған бұзушылықтар, мемлекеттік орган, жеке және заңды тұлғалар үндеулері, прокуратура органдарының тапсырмасы, үшінші тұлғаға қатысты кезікпе тексеріс және т.б. негіз болды.
Мемлекеттік бақылау тәртібіне келетін болсақ, бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге негізгі тексеру жүргізуден 30 күнтізбелік күн бұрын тексеру мерзімі және тағайындалған тексерудің нысанасы туралы, ал жоспардан тыс тексеру туралы 1 тәулік күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тексеріс жүргізуден бұрын лауазымдық тұлға құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органында тіркелген белгісі бар тексеру тағайындау туралы акт, қызметтік куәлік, тексеру парағын көрсетуге міндетті.
Тексерісті тексеру актісінде көрсетілген заңды тұлға ғана жүргізеді. Мемлекеттік бақылау жүргізу негізі мен тәртібі туралы, сонымен қатар өзге де мемлекеттік бақылау талаптарымен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер Кодексінде егжей-тегжейлі танысуға болады.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Точидловская Ирина Анатольевна