Мемлекеттік мекемелердегі персоналды басқару қызметінің жауапты өкілдеріне арналған семинар-кеңес
Ағымдағы жылдың 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті орталық атқарушы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері персоналды басқару қызметінің жауапты өкілдері «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі кадрлық құжат айналымы және кадрлардың жәй-күйі мониторингі есебін тапсыру туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В. Масимова 2018 жылдың қорытындысы көрсеткіштеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуі, сынақ мерзімінен өту мен тәлімгерлер тағайындау, тағылымдама, бағалау мәселелерін айтты.
Сонымен қатар, мемлекет қызмет басқармасының бас мамандары кадрлардың жай-күйі мониторингі есебінің жылдық қорытындысы, есеп тапсыру барысында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде орын алған мәселелерне нақты баяндады.
Семинар барысы персоналды басқару қызметі өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасумен жалғасты.
